🎒 Оқушыларға МӘМС арқылы қандай медициналық қызметтер көрсетіледі?

🎒 Оқушыларға МӘМС арқылы қандай медициналық қызметтер көрсетіледі?
👧👦 Балалар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Сондықтан оқушылар көптеген медициналық қызметтерді тегін ала алады:
✅ Дәрігер қабылдауы
✅ Анализдер мен тексерулер
✅ Стоматологиялық көмек
✅ Оңалту емі
✅ Стационарлық ем
✅ Жоғары технологиялық медициналық көмек
🏥 Мектеп медицинасында балалар профилактикалық тексеруден өтіп, екпе алып, денсаулығы тұрақты бақылауда болады.
☀️ Жазғы демалыста да балалар толық тексеруден өтіп, қажет болса массаж, физиотерапия, емдік дене шынықтыру сияқты оңалту қызметтерін ала алады.
📌 Егер оқушы мектептегі тексеруден өтпей қалса, тіркелген емханасында өте алады.