Құрметті Шардара ауданының тұрғындары! Ардақты ағайын!

Құрметті Шардара ауданының тұрғындары! Ардақты ағайын!
Сіздерді барша мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – адамзатты мейірім мен қайырымдылыққа, ізгілік пен кешірімге үндейтін, рухани құндылықтарды дәріптейтін ұлық мейрам. Бұл күндері халқымыз мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіп, ағайын арасындағы татулық пен бауырмалдықты бекемдей түседі. Ұрпақ бойына имандылық пен адамгершілік қасиеттерін сіңіретін бұл мерекенің қоғамымыздағы орны айрықша.
Берекелі Шардара өңірінің халқы қашанда ауызбіршілігімен, еңбекқорлығымен және кеңпейілділігімен ерекшеленіп келеді. Бірлігі бекем елдің тірлігі де берекелі болмақ. Осындай асыл қасиеттеріміз ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, ел ішіндегі ынтымақ пен тұрақтылықтың нығаюына қызмет ете берсін.
Құрбан айт – тек құрбан шалу ғана емес, ол жүректі тазарту, жақсылық жасау, кешірім мен жанашырлық таныту мерекесі. Ата-бабамыздан жалғасқан ізгі дәстүрлеріміз ұлықталып, әр отбасында сыйластық пен татулық салтанат құрсын.
Осынау қасиетті күндері жасаған барлық дұға-тілектеріңіз қабыл болып, әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, молшылық пен шаттық тілеймін!
Дастарқандарыңызға құт-береке, отбасыларыңызға қуаныш пен ырыс орнасын!
Құрбан айт қабыл болсын!
Еліміз тыныш, жұртымыз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Алла Тағала баршаңызға денсаулық, ұзақ ғұмыр және баянды бақыт нәсіп етсін!
Аудан әкімі: Қарсыбаев Арман Романұлы