ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
“Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтің тапсырмасына сәйкес аудан көлемінде кең ауқымды жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылды. Аталған тазалық шарасына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, спорт саласының өкілдері, мәдениет сала мамандары, ерікті жастар мен аудан тұрғындары белсенді қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында аудан аумағындағы орталық көшелер, аяқ жолдар, қоғамдық орындар, саябақтар мен ирригациялық жүйелер тазартылып, ретсіз өскен шөптер орылып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Сонымен қатар, санитарлық тазалық талаптарын сақтау мақсатында бірқатар аумақтар абаттандырылып, айналаны көгалдандыру және ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Тазалық жұмыстарына қатысушылар табиғатты аялау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін көрсете отырып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Осындай игі бастамалар ауданның экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын арттыра түседі.
“Таза Қазақстан” бағдарламасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, ауданымызды таза, көрікті әрі жайлы аймаққа айналдыру бағытындағы кешенді шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Таза аудан – тұрғындарға қолайлы орта, келешек ұрпаққа аманат