Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы Шардара ауданында құқық қорғау саласының ардагерлері Маликов Бахыт Әбілқасымұлын, Қасымбеков Сәкен Төребайұлын және Тәженов Ағатай Әбілұлын арнайы жеке қабылдады.
Жеке қабылдау барысында аудан әкімі Арман Романұлы ардагерлердің құқық қорғау саласындағы көпжылдық қажырлы еңбегін ерекше атап өтіп, олардың ауданның қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестеріне ризашылығын білдірді.
Кездесу аясында құқық қорғау саласының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, арнайы сый-сияпаттар табысталды. Сонымен қатар, ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласып, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берудегі еңбектері үшін «Құрметті ардагер» төсбелгісімен марапатталды.
Аудан әкімі өз сөзінде ардагерлердің өмір жолы мен кәсіби тәжірибесі кейінгі буынға үлгі екенін айтып, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тіледі.