Арман Романұлының - Шардара ауданының тұрғындарын кезекті жеке қабылдауы өтті.

Арман Романұлының - Шардара ауданының тұрғындарын  кезекті жеке қабылдауы өтті.
Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының қатысуымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 90-бабына сәйкес аудан тұрғындарын кезекті жеке қабылдау өтті.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жер қатынастары, ағын су, жарықтандыру мәселесі бойынша бірқатар мәселелер көтерілді. Әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, заң талаптарына сәйкес түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, жауапты бөлім басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы бақылауға алынатыны айтылды.
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын назардан тыс қалдырмай, халықпен кері байланысты нығайту және тұрғындардың мәселелерін заң аясында шешу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі!!!!