Құрметті Шардара ауданының тұрғындары!
2026 жылғы 20 мамыр күні сағат 11:00-де Шардара аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ғимаратында, С.Әшіров көшесі, №38 мекенжайы бойынша «Кәсіпкерлік және салық мәселелері» тақырыбында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізіледі.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсынысына сәйкес, халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі мен қызмет алушылардың заңды құқықтары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылуда.
Іс-шара барысында кәсіпкерлік және салық саласы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мамандар азаматтарды қабылдап, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кеңестер береді.
Осыған орай, Шардара ауданының тұрғындарын аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.