ҚАЙСАР ШАМШИДИНОВ — ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ДӘСТҮРЛІ 63-ШІ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

ҚАЙСАР ШАМШИДИНОВ — ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ДӘСТҮРЛІ 63-ШІ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:
Бүгін Отырар ауданында қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған дәстүрлі 63-ші республикалық деңгейдегі турнир жоғары деңгейде өтті. Ұлттық спортты дәріптеуді мақсат еткен байрақты бәсекеге облысымыздың аудан-қалаларынан келген кіл мықты балуандар қатысып, өзара бақ сынады.
Дүбірлі додада Шардара ауданының намысын қорғаған, ел мақтанышына айналған дарынды балуан Қайсар Шамшидинов аса ауыр салмақта (+100 кг) тамаша белдесулер өткізіп, қарсыластарының барлығынан басым түсіп, турнирдің биылғы жеңімпазы атанды. Боз кілемде күш пен шеберліктің үлгісін көрсеткен жерлесімізге жарыстың бас жүлдесі — «Chevrolet COBALT» автокөлігінің кілті салтанатты түрде табысталды. Бұл — спортшының қажырлы еңбегі мен тынымсыз дайындығының жемісі.
Сонымен қатар аталған жарыста аудан спортшылары да жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда:
🥈 Мекенбай Мұса
🥈 Амангелді Сәуірбай
🥉 Мекенбай Ұлықпан
🥉 Нұрманов Қабыл
🥉 Алларберді Руслан
Жарыс барысында балуандарымыз жоғары дайындық деңгейін, табандылық пен нағыз спорттық рухты таныта білді. Бұл жетістіктер — ауданымызда ұлттық спортқа көрсетіліп жатқан қолдау мен бапкерлер еңбегінің айқын нәтижесі.
Жеңіс тұғырынан көрінген барлық спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да ел намысын абыроймен қорғап, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз. Ұлттық спортымыздың мерейі үстем болып, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Бұдан бөлекте, Қайсар Шамшидинов — қазақ күресінен Азия чемпионы және «Түркістан Барысы» атанған спортшы.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметті!!!!