Аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының басшылығымен Шардара–Жаушықұм тасжолы бойынан жаңадан зиратқа бөлінген жалпы аумағы 20 гектар жер телімін кезең-кезеңімен игеру жоспарлануда.
Қазіргі таңда аталған аумақтың І-кезеңінде 1–3 гектар жерді игеру көзделіп отыр. Бұл кезең аясында зираттың сыртқы қоршауын орнату, аумақты абаттандыру, шырақшы үйін салу, орталық көшелер мен қабірлер арасындағы жаяу жүргінші жолдарын жүргізу, бастырма мен құрал-сайман қоймасын тұрғызу, дәретхана, су резервуары (немесе құдық) және автотұрақ салу жұмыстары көзделген.