Сенбілік барысында 1000 түп көшет отырғызылып, облыстық маңызы бар 147 шақырым тас жол бойы, қала мен ауыл ішіндегі көшелер кең көлемде тазартылды. Жұмыстарға 23 арнайы техника жұмылдырылып, қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау бағытында жүйелі әрі нәтижелі шаралар жүзеге асырылды.
Бұл игі бастама – табиғатқа деген жанашырлықтың, туған жерге деген шынайы қамқорлықтың айқын көрінісі. Бірлік пен ынтымақтың арқасында ауданымыздың келбеті көркейіп, экологиялық мәдениетіміз жаңа деңгейге көтерілді.