Шардара ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Шардара ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Атқарылған жұмыстар туралы:
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Шардара ауданында кезекті сенбілік ұйымдастырылып, кең көлемде тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған шараға қала тұрғындары, еріктілер, түрлі мекеме қызметкерлері белсенді түрде қатысты.
Тазалық жұмыстары барысында Шардара қаласының орталық көшелері қоқыстардан тазартылып, жол жиектері ретке келтірілді. Сонымен қатар, қала аумағында орналасқан «Болашақ» демалыс орнында да абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Демалыс орнының аумағы тазаланып, жасыл желектерге күтім жасалды, артық қоқыстар шығарылды.
Шараға қатысушылар бірлесіп еңбек етіп, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Мұндай игі бастамалар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және туған жерге деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Алдағы уақытта «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі!!!