Шардара ауданында ұлттық мұра дәріптелді

Шардара ауданында ұлттық мұра дәріптелді
24 сәуір күні аудандық мәдениет сарайында «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жалпы ұлттық құндылықтар – ел дамуы» жобасы аясында «Ұлттық қолөнер – сарқылмайтын алтын қазына» атты аудандық қолөнершілер көрмесі жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ата-бабадан мирас болған ұлттық қолөнерді насихаттау, оны жас ұрпаққа дәріптеу және аудан қолөнершілерінің еңбегін кеңінен таныстыру.
Көрмеге аудан көлеміндегі шеберлер қатысып, өздерінің бірегей туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Қонақтар ұлттық өнердің сан алуан үлгілерімен танысып, оның терең мазмұны мен тәрбиелік мәніне қанықты.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Қаратунов пен «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрайымы Бибігүл Көшекеева құттықтау сөз сөйлеп, қолөнерді дамытуға үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады.
Кеш барысында «Ақ әжелер» халық ансамблі, «Асыл аналар» ансамблі, «Шаттық» тобы және аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған тағылымды шара аудан тұрғындары үшін рухани азыққа айналды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі