Халық сенімі – жаңа әкімге жүктелген міндет!!

Халық сенімі – жаңа әкімге жүктелген міндет!!
Шардара ауданында Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әкімдерді тікелей сайлау жүйесі аясында маңызды саяси науқан өз деңгейінде өтті. 2026 жылғы 19 сәуірде өткен сайлау қорытындысына сәйкес, Сүткент ауылдық округінің әкімі болып Қарымсақов Мырзағали Молдазымұлы сайланды. Бұл шешім Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 20 сәуірдегі №66 қаулысымен ресми түрде бекітілді.
Аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы жаңадан сайланған әкімді қабылдап, оған үлкен сенім мен жауапкершілік жүктелгенін атап өтті. Ол ел сенімін ақтап, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында табанды еңбек ету қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жандандыру, инфрақұрылымды жетілдіру, халықтың өмір сапасын арттыру бағытында нақты міндеттер жүктелді.
Кездесу барысында, М.М.Қарымсақовқа ауылдың тыныс-тіршілігін жандандыру, өзекті мәселелерді дер кезінде шешу, тұрғындармен тығыз байланыс орнату және ашық әрі тиімді басқару қағидаттарын ұстану тапсырылды. Сондай-ақ, елді мекеннің әлеуетін арттыратын тың бастамалар мен нәтижелі жобаларды іске асыру арқылы өңір дамуына үлес қосу міндеті айқындалды.
Жаңа қызметке кіріскен әкімге алдағы уақытта жауапкершілігі жоғары міндеттерді абыроймен атқарып, ел игілігі жолында жемісті еңбек етуіне сенім білдірілді.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі!!!