Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 25 мамырдағы Жарлығына сәйкес елімізде қала, кент және ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізілген болатын.
Осы Жарлық аясында 2026 жылғы 19 сәуірде Шардара қаласы әкімінің сайлауы өткізіліп, Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 20 сәуірдегі №65 шешіміне сәйкес қала әкімі болып Досбол Жүсіпұлы Жұмаділлаев сайланды.
Жаңадан сайланған әкімді Арман Романұлы Қарсыбаев жеке қабылдап, кездесу барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, халықты сапалы ауызсумен толық қамтамасыз ету, Таза Қазақстан бағдарламасы аясында тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жандандыру, қаланы кезең-кезеңімен жаңа кәріз жүйесіне қосу, қала ішіндегі көшелерді жарықтандыру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ жолдар мен инженерлік желілерді жаңғырту арқылы инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды. Бұл бастамалардың барлығы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған.
Кездесу қорытындысында аудан әкімі Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қала әкіміне жүктелген негізгі міндеттерді атап өтіп, барлық бағыттар бойынша жүйелі, нақты әрі нәтижелі жұмыс жүргізу қажеттігін тапсырды.