Шардара қаласындағы Абай мәдениет үйінде Бақберген Омаровтың «Бақпен ән» атты жеке шығармашылық ән кеші өті!!!!

Шардара қаласындағы Абай мәдениет үйінде Бақберген Омаровтың «Бақпен ән» атты жеке шығармашылық ән кеші өті!!!!
Бақберген Омаровтың «Бақпен ән» атты жеке шығармашылық ән кеші аудан жұртшылығы үшін рухани мәні терең, тағылымы мол, жоғары деңгейде ұйымдастырылған мәдени шара болды. Кеш барысында өнер иесінің жылдар бойы жинаған тәжірибесі, сахна мәдениеті мен орындаушылық шеберлігі кеңінен көрініс тауып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Салтанатты кештің шырайын кіргізген ерекше сәттердің бірі – өнер иесіне көрсетілген құрмет пен марапаттар болды. Кеш барысында Түркістан облысының мәдениет басқармасы тарапынан арнайы Алғыс хат табысталып, Бақберген Омаровтың өнері мен мәдениетін дамыту жолындағы еңбегі жоғары бағаланды.
Сонымен қатар, Шардара аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы өнер иесіне алғыс хат пен дәстүрлі құрметтің белгісі ретінде бағалы сыйлық – қамшы ұсынылды. Бұл марапаттарды табыстау үшін аудан әкімінің орынбасары Төребеков Бейсен Тасболатұлы арнайы қатысып, өнер иесіне ізгі тілегін жеткізді.
Кеш барысында сондай-ақ Шардара аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Абдразахов Ерлан Әжімұханұлы сөз сөйлеп, Бақберген Омаровтың өнердегі еңбегіне жоғары баға беріп, ыстық лебізін білдірді.
Бұл құрметтер – өнер адамына көрсетілген шынайы ықыластың, ел мәдениетіне сіңірген еңбектің лайықты бағалануының айқын көрінісі болды.
Сонымен қатар, Шардара аудандық мәдениет сарайының директоры Донбаев Ағабек Орынбайұлы және аудандық мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Қойлиева Ұлжан Уалханқызы сахна төрінде құрмет көрсетіп, иығына шапан жауып, сый-сияпаттарын ұсынды. Достарының да ықыласы ерекше болды – олар дәстүрге сай құрмет білдіріп, ат мінгізіп, әншіге деген зор ілтипатын көрсетті. Мұндай құрмет – өнер иесінің ел алдындағы абыройы мен беделінің айқын дәлелі.
Кештің шырайын кіргізген өнердегі әріптес достары да арнайы келіп, ізгі тілектерін арнады. Атап айтқанда, Сырымбет Бейбосынов, Элмира Шонай,Нұрсұлтан Батырқұлов сынды өнер иелері сахнада ән шырқап, кештің мазмұнын байыта түсті.
Жалпы, «Бақпен ән» атты бұл шығармашылық кеш – өнер мен құрметтің, достық пен сыйластықтың, ұлттық дәстүр мен мәдениеттің үйлесім тапқан тағылымды кеші болды. Көрермен көңілінен шыққан бұл концерт аудан мәдениетінің дамуына қосылған сүбелі үлес ретінде есте қалары сөзсіз.