АУДАН БАСШЫСЫ АЛАТАУ БАТЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІН ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ АЛАТАУ БАТЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІН ҚАБЫЛДАДЫ
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев Алатау батыр ауылдық округінің жаңадан сайланған әкімі Сәбит Тасовты қабылдады.
Кездесу барысында аудан басшысы жаңа әкімге үлкен сенім артылып отырғанын атап өтіп, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын жандандыру, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру және инфрақұрылымды жүйелі түрде жетілдіру бағытында нақты әрі нәтижелі жұмыстар атқару қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, жүктелген міндеттердің сапалы орындалуы әрдайым басты назарда болатынын айтты.
Өз кезегінде Сәбит Қалдыбайұлы өзіне көрсетілген сенім үшін алғыс білдіріп, Алатау батыр ауылдық округінің дамуына тың серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында бар күш-жігерін жұмсайтынын атап өтті.
Кездесу қорытындысында аудан әкімі Арман Романұлы ауыл әкімінің қызметіне табыс тілеп, ел сенімін ақтайтын нәтижелі жұмыс күтетінін жеткізді.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі