ЕЛГЕ ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТ ҚЫСТАУ ІЛЕСОВ

ЕЛГЕ ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТ ҚЫСТАУ ІЛЕСОВ
Ілесов Қыстау Інайұлы 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бұрыңғы Жетісай ауданы Ленин колхозында туылды.
1965-1969 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақтың Мемлекеттік Педагогикалық институтында оқып, физика пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты.
1990 жылы Қазақтың Киров атындағы Мемлекеттік университетін Заң факультетін сырттай оқып бітірген.
1969 Қазақ ССР оқу министрлігінің жолдамасымен Көкшетау облысы Ленинград ауданының Айсара орта мектебінде физика-математика пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған.
✅1971 жылдың қаңтарынан Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара орта мектебінде физика-математика пәнінің мұғалімі.
✅1972-1993 жылдары Шардара аудандық Комсомол Комитетінің хатшысы, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі, аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Социалистік партиясы Шардара аудандық Комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.
✅1993-1998 халық депутаттары аудандық Кеңесінің ұйымдастыру жұмыстары және тұрақты комиссиялар бөлімінің меңгерушісі, Шардара аудан әкімшілігі тіл басқармасының бастығы, аудан әкімі ұлт саясаты Комитетінің төрағасы, тіл бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, аудан әкімінің салауаттылық және ақпараттық бөлімінің меңгерушісі, халықты жұмыспен қамту бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімі аппараты әкімшілік бөлімінің жетекшісі, аудан әкімі аппаратының бастығы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
✅2008-2012 жылдың шілдесінен зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Қызмет атқарған жылдар ішінде аудандық Комсомол Комитетінің БЮРО мүшесі, аудандық халықтық бақылау Комитетінің мүшесі, аудандық партия Комитетінің мүшесі, халық депутаттары аудандық Кеңесінің депутаты, аудандық «Білім» қоғамының төрағасы болып сайланған.
Қыстау Інайұлы өзіне тапсырған қызметтерді үлкен жауапкершілікпен, білімді де білікті маман ретінде атқара білді. Ауданның саяси-қоғамдық өміріне белсене араласады, қазіргі таңда аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасыасы.
«Тыңға-50 жыл» (2005 жылғы 8 қараша), «Астанаға – 10 жыл» (2007 жыл), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне -20 жыл» (2012 жылғы 14 тамыз) мерекелік медальдарымен, «Құрмет» орденімен (2014 жылғы 5 желтоқсан), облыстық мәслихаттың, облыс және аудан әкімдерінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған. Шардара ауданының құрметті азаматы.
Ілесов Қыстау Інайұлының өмірі – адал еңбек, білімділік және жауапкершіліктің айнасы. Ол өз қызметінде әрдайым елге пайдасын тигізіп, ауданның әлеуметтік және қоғамдық өміріне сүбелі үлес қосқан.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі