
Шардара қаласының Полиция бөлімі, Шардара аудандық “Жастар ресурстық” КММ-нің ұйымдастыруымен, қала жастары мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықпен нашақорлықтың алдын-алу және түнгі мезгілдерде көшелер мен қоғамдық орындарда беймезгіл жүруін болдырмау мақсатында түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Мақсаты: Жастар арасындағы құқық бұзушылықпен қылмыстың, нашақорлықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа бейім жастарды анықтау мақсатында қаладағы ойын сауық орталықтарында, кафелерде, саябақтарда, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз еріп жүруін болдырмау.