Аудан аумағында көктемгі залалсыздандыру жұмыстары басталды.

Аудан аумағында көктемгі залалсыздандыру жұмыстары басталды.
Аудан көлемінде эпизоотиялық ахуалды тұрақтандыру және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу мақсатында ветеринария мамандары тарапынан буферлік аймақта жоспарлы залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, көктемгі энзоотиялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты ресми хабарландыру жарияланғанын назарларыңызға жеткіземіз. Аталған жоспарға сәйкес, аудан аумағында көктемгі кезеңде жануарлар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында кешенді ветеринариялық-профилактикалық жұмыстар басталды.
Атап айтқанда, аса қауіпті паразиттердің бірі – кене жәндіктеріне қарсы дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы жануарларын түрлі жұқпалы аурулардан қорғауға, сондай-ақ өңірдегі эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында мал шаруашылығы нысандары, қора-жайлар, буферлік аймақтар және ықтимал қауіп төндіретін аумақтар арнайы бекітілген ветеринариялық препараттармен өңделуде. Барлық жұмыстар ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүзеге асырылуда.
⚠️ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
Қора-жайларыңызды таза ұстауларыңызды сұраймыз. Механикалық тазалау жүргізілмеген қора-жайларда залалсыздандыру жұмыстары толыққанды жүргізілмейтінін ескертеміз. Осыған байланысты, алдын ала қора-жайларды көңнен, қалдықтардан тазалап дайындау қажет.
Осыған байланысты, барлық мал иелерінен ветеринария мамандарына түсіністікпен қарап, жүргізілетін жұмыстарға белсенді қатысу сұралады. Жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Біздің мақсатымыз – ауданымыздағы мал саулығын қамтамасыз ету және тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау.