Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиынға қала, ауыл әкімдері, дербес бөлім мен мекеме басшылары қатысты.
Мәжіліс барысында жауапты сала мамандары тарапынан бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Тама ауыз су торабы құрылысының барысы, қала ішіне су құбырларын тарту жұмыстарының жүргізілуі, қаладағы канализация жүйесінің жай-күйі, Қоссейіт ауылдық округіндегі жаңа аймаққа газ тарту жүйелерінің құрылысы, сондай-ақ Қалғансыр елдімекеніндегі асфальт жабындысын төсеу жұмыстары бойынша есеп берілді. Сонымен қатар Ақшеңгелді ауылдық округінде өрт сөндіру ғимаратын салу мәселесі де көтеріліп, тиісті тапсырмалар берілді.
Сондай ақ аудан басшысына ауыл шаруашылығы саласы бойынша жүгері мен күріш дақылдарын егу барысы, су үнемдеу технологияларын енгізу, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат ұсынылды.
Жиын барысында қала және ауыл әкімдеріне аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, шомылу маусымына және алдағы мерекелік күндерді ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды.
Бұдан бөлек, Шардара қаласының тазалығы, көше жарықтарының уақытылы берілуі мәселелері де назардан тыс қалмады.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Арман Романұлы көтерілген барлық мәселелер бойынша қала, ауыл әкімдеріне, дербес бөлім мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауға алуды міндеттеді.