Аталған шараға Казсушар, Орман шаруашылығы және “Хамит” балық зауытының қызметкерлері белсенді қатысып, су жағалауларында тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жағалау аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Мұндай игі бастамалардың басты мақсаты – табиғатты қорғау, су көздерінің тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру. Бірлескен еңбек нәтижесінде табиғат аясы тазарып, туған өлкенің көркі арта түсті.