Сенбілік барысында мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары белсенділік танытып, тазалық жұмыстарына жұмыла атсалысты. Қаланың ішкі көшелерінің жол жиектері сыпырылып, жиектастар сырланды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, туған жерге деген жанашырлықты арттыру және тұрғындарды тазалық мәдениетін сақтауға шақыру. Таза қала – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі.