“Таза Қазақстан” экологиялық жобасы аясында 23 наурыз – Тазарту күніне орай аудан көлемінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

“Таза Қазақстан” экологиялық жобасы аясында 23 наурыз – Тазарту күніне орай аудан көлемінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары белсенділік танытып, тазалық жұмыстарына жұмыла атсалысты. Қаланың ішкі көшелерінің жол жиектері сыпырылып, жиектастар сырланды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, туған жерге деген жанашырлықты арттыру және тұрғындарды тазалық мәдениетін сақтауға шақыру. Таза қала – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі.