ШАРДАРАДА “TAZALIKE” ЭКОФЕСТИВАЛІ СЫРДАРИЯ ЖАҒАЛАУЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

ШАРДАРАДА “TAZALIKE” ЭКОФЕСТИВАЛІ СЫРДАРИЯ ЖАҒАЛАУЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Шардара ауданында ұйымдастырылған “TazaLIKE” экофестивалі аясында “Мөлдір бұлақ” акциясы Сырдария өзенінің жағалауында өз жалғасын табуда.
Экологиялық шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары белсене қатысып, сенбілік мерекелік көңіл күйде өтті. Жалпы саны 500-ден астам адам жұмылып, табиғатты қорғау мен тазалықты сақтау мақсатында бірлесе еңбек етті.
Сенбілік барысында 2 техника тіркемесінің көмегімен Сырдария жағалауынан жиналған 6 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар арнайы полигонға шығарылды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және туған жердің тазалығына әр азаматтың жауапкершілігін арттыру.
Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі!