РАМАЗАН – ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ!

РАМАЗАН – ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ!
Бүгін аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев жас чемпион Валихан Рамазанды арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Кездесу барысында Рамазанның жаттықтырушысы Раймкулов Мұқанға еңбегінің орасан екендігін айта келе шәкірті екеуіне Алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыстады. Сондай-ақ, чемпионға арнайы сыйлық ретінде түрлі түсті теледидар тарту етілді. Аудан басшысы жас спортшыға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ел намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғап, әлем және Олимпиада чемпионы атануына тілектестік білдірді.
Айта кетсек, 2026 жылдың 9-18 наурыз күндері аралығында Тараз қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 жас ерекшеліктері арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өткен болатын. Аталған дүбірлі додада Шардара спорт мектебінің спортшысы Валихан Рамазан еркін күрестен жасөспірімдер (U15) арасында 38 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, барлық қарсыластарынан басым түсіп, алтын жүлдені иеленді.
Жерлесіміздің жеңісі құтты болсын!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі