Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бекіткен кестесіне сәйкес, Шардара ауданына 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына арналған жанар-жағармай бөлінді.
Атап айтқанда:
«KZ Мұнай-2» ЖШС арқылы ақпан–маусым айлары аралығында 2305,0 тонна
ЖК «Баязерова» арқылы 325 тонна жанар-жағармай қарастырылған.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бекітілген калькуляциясына сәйкес, ақпан–маусым айлары аралығында жанар-жағармайдың орташа сату бағасы 1 литрі – 281,0 теңге болып белгіленді.
ЕСКЕРТУ:
Бөлінген жанар-жағармай «gosagro.kz» ақпараттық жүйесі арқылы электронды-цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) өтінім берген шаруаларға ғана қолжетімді болады.