ОСМАН АЙТУҒАН — ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ

ОСМАН АЙТУҒАН — ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ
Бүгін Шардара ауданында аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков жас спортшы Осман Айтуғанды арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтады.
Кездесу барысында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың атынан чемпионға Алғыс хат пен сый-сияпат табысталды. Аудан әкімінің орынбасары жас спортшыға алдағы жарыстарда да ел намысын абыроймен қорғап, биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіріп, болашақта Олимпиада чемпионы атануына тілегін білдірді.
Сондай-ақ спортшының жеңіске жетуіне үлкен үлес қосқан жаттықтырушысы Эрман Дүйсебаевқа да аудан әкімінің атынан Алғыс хат пен сый-сияпат табысталды.
Еске сала кетсек, 2026 жылғы 8–19 наурыз аралығында Тараз қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.
Аталған жарыста жерлесіміз Осман Айтуған 57 кг салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанды.
Сонымен қатар, 44 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрислам Пахитжан Қазақстан Республикасының чемпионатында қола жүлдеге ие болды.
Жас спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі