Құрметті аналар, ардақты арулар, қадірлі қыз-келіншектер!

Құрметті аналар, ардақты арулар, қадірлі қыз-келіншектер!
Құрметті аналар, ардақты арулар, қадірлі қыз-келіншектер!
Баршаңызды көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 наурыз, Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – адамзат баласына өмір сыйлаған аналарымызға, қоғамның тірегі болып отырған нәзік жандыларға көрсетілер құрмет пен шексіз алғыстың айқын көрінісі.
Сіздер отбасының берекесін кіргізіп, ұрпақ тәрбиелеп қана қоймай, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып келесіздер.
Бүгінде ауданымыздың әйелдері барлық салада табысты еңбек етуде. Білім мен денсаулық сақтау, кәсіпкерлік пен мемлекеттік қызмет, мәдениет пен спорт – қай салада да сіздердің қолтаңбаларыңыз бар.
Сіздердің жауапкершіліктеріңіз, іскерліктеріңіз және табандылықтарыңыз – аудан дамуының маңызды кепілі.
Қазақ халқы «Анаға қарап қыз өсер» дейді. Ұрпақ тәрбиесіндегі, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық.
Сіздердің мейірімдеріңіз бен парасаттарыңыз қоғамымызды ізгілендіріп, болашағымызды баянды етіп келеді.
Осы айтулы күні сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен, Арман Қарсыбаев
Шардара ауданы әкімі