МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАСЫНА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН МАРАПАТ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАСЫНА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН МАРАПАТ
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев бір мекемеде ұзақ жыл еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін Есбосынова Бибіажар Әлметқызын қабылдап, алғыс айтып, Құрмет грамотасымен марапаттады. Сонымен қатар, гүл шоқтары мен сый-сияпат табыс етілді.
Аудан әкімі сөзінде:
— Бүкіл өмірін халыққа қызмет етуге арнаған азаматтар – біздің қоғамымыздың тірегі. Бибіажар Әлметқызы сияқты тәжірибелі мамандардың еңбегі – әрбір аз қамтылған отбасының өмірін жеңілдетуге, ауданымыздың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сізге денсаулық, отбасыңызға бақыт және алдағы жылдары жаңа табыстар тілеймін, – деді.
36 жыл бойы Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қызмет етіп, бас маман ретінде еңбек еткен Бибіажар Әлметқызы әрдайым қоғамның әлеуметтік әлсіз топтарына қол ұшын созып, қиындыққа тап болған жандарға көмек көрсету жолында аянбай жұмыс істеді.
—1990 жылы әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне келгенде біз тек зейнетақы төлеу орталығымен бірге едік. Күндіз де, түнде де жұмыс жасап, аз қамтамасыз етілген, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету біздің басты міндетіміз болды. Барлық қиындыққа қарамастан, біз жұмысымызды сүйіп, еңбектің жемісін көріп отырмыз. Қызметкерлердің әр қуанышы мен қайғысын бөлісіп, әрқашан олардың жанынан табылуға тырысамын, – дейді Бибіажар Есбосынова.
Бүгінгі марапат – тек жеке еңбектің ғана емес, ұжым мен жылдар бойындағы адал қызметтің жемісі.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі