Шардарада "Ашық есік күні" іс-шарасы өтті

Шардарада "Ашық есік күні" іс-шарасы өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес мектептер мен жоғары оқу орындарын қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институтын қалыптастыру көзделген.

Аталған тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде Шардара ауданы әкімдігінде бітіруші сынып оқушыларын мемлекеттік қызметке бағыттау және олардың мемлекеттік қызмет саласына қызығушылығын арттыру мақсатында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға аудан әкімі аппаратының басшысы С. Ильясов пен аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Д. Нуртазаев қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, кәсіби даму мүмкіндіктері және мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі туралы кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылып, болашақта мемлекеттік қызмет саласында еңбек етуге ниет білдірген жастарға тиісті бағыт-бағдар берілді.

Аталған іс-шара жастар арасында мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға және олардың саналы түрде кәсіби таңдау жасауына ықпал етті.