РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Бүгін аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық барысын пысықтау мақсатында бірқатар сайлау учаскелерін аралап көрді.
Аудан басшысы алдымен Шардара қаласындағы №904 сайлау учаскесіне барып, ұйымдастыру жұмыстарының жай-күйімен танысты. Учаскенің материалдық-техникалық базасы, дауыс беру кабиналарының орналасуы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдайлар және қауіпсіздік талаптарының сақталуы назарға алынды.
Сонымен қатар Жаушықұм ауылдық округіндегі №860 сайлау учаскесінің дайындығы да тексерілді. Учаске мүшелері референдумды жоғары деңгейде өткізуге толық әзір екендерін жеткізді.
Аудан әкімі жауапты тұлғаларға саяси науқанды заң талаптарына сай, ашық әрі ұйымдасқан түрде өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі