КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ЖӘНЕ РЕФЕРЕНДУМ: БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ЖӘНЕ РЕФЕРЕНДУМ: БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
Шардара ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында конституциялық реформа және референдум тақырыбында құқықтық оқыту өтті. Жиынға Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев, аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, бөлім басшылары, қала және ауыл әкімдері қатысты.
Оқу барысында Ата Заңға ұсынылған өзгерістердің Конституцияның 77 бабын қамтып, бұл оның 84 пайызына тең екені айтылды. Жаңартылған Конституцияның басты ұстанымы – адам және оның қадір-қасиеті. Негізгі қағидат – адамға бағдарлану, халықтың құндылықтарын бейнелеу және мемлекеттік биліктің тиімділігін күшейту.
Конституциялық реформалар елдегі саяси жүйені жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Бұл өзгерістер билік тармақтарының теңгерімін нығайтып, халықтың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.
Жиында Түркістан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Болат Жанәбіл баяндама жасап, конституциялық реформалардың мән-маңызына кеңінен тоқталды. Ол ұсынылып отырған өзгерістердің ел дамуының жаңа кезеңіне құқықтық негіз қалайтынын атап өтті.
Облыстық жиыннан соң аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серік Кошалиев референдум өткізу тәртібі мен заң талаптарын түсіндіріп, оның маңыздылығына тоқталды.
Жалпы, конституциялық реформа – Жаңа Қазақстанды құру жолындағы берік құқықтық негіз, ел болашағына бағытталған маңызды стратегиялық қадам.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі