Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй кезегі, жұмысқа орналасу, сондай-ақ жайылымдық жер мәселелерін көтерді. Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер беріліп, нақты шешу тетіктері талқыланды. Тұрғын үй беру кезегі заң талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны атап өтілді.
Жұмысқа орналасу мәселесіне қатысты Шардара аудандық «Мансап орталығы» филиалының директоры Нартай Майханов тиісті ақпарат ұсынып, мемлекеттік қолдау шараларын кеңінен түсіндірді.
Қабылдау барысында пәтер жалдап тұрып жатқан көпбалалы анаға тұрғын үй кезегі келген уақытта баспанамен қамтамасыз етілетіні заң аясында түсіндірілді. Сонымен қатар, демеушілердің қолдауымен оның 7 айлық пәтерақысы төленетін болып шешім қабылданды.
Сондай-ақ, аудан әкімі жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелерді заң аясында әрі белгіленген мерзімде сапалы орындауды тапсырды.