Құрметті Шардара ауданы тұрғындары!

Құрметті Шардара ауданы тұрғындары!
Жолдағы иесіз үй жануарлары жол апатына себеп болуда. Қазіргі таңда көлік жолдарында қараусыз қалған малдардан болатын апаттар жиілеп бара жатқанын барлығыңыз жақсы білесіздер. Мұндай апаттар кейде адам өлімімен аяқталатын қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
Сіздерді, яғни жол бойында қараусыз бағылатын ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін, өз малдарыңызға жауапкершілікпен қарап, оларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз!
Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, мал иелері өздеріне тиесілі жануарларды қараусыз қалдырмауға және олардың автожолдарға шығуына жол бермеуге міндетті. Автожолдар бойында және жол жиегінде мал жаюға тыйым салынады.
Аудан әкімшілігі мен бірігіп сіздерге жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мына талаптарды ескертеміз:
Жолдарда қараусыз малдың жүруі жүргізушілер мен жолаушылар үшін өте қауіпті. Түнде немесе көріну нашарлағанда жануарлардың жолға шығуы ірі апаттарға және адам шығынына әкелуі мүмкін.
Ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз жібермеңіздер.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға тек арнайы белгіленген жерлерді пайдаланыңыз.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жол жиегіне немесе жүріс бөлігіне шығармаңыздар.
Ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстар:
Мамандар Шардара ауданының жолдарында жүрген малдардың мойнына түнде көрінетін арнайы шағылысатын ленталарды тағып жатыр.
Ленталар жануарлардың қараңғыда да көрінуін қамтамасыз етіп, жол апаттарының алдын алуға бағытталған.
Қажет жағдайда малдарға көмек алу үшін Бірыңғай байланыс орталығының 109 нөміріне хабарласуға болады.
Есіңізде болсын: сіз өз малыңыздың қауіпсіздігіне ғана емес, жол қатысушыларының өміріне де жауаптысыз. Қараусыз мал үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, айыппұл салынады.
ТО ВБ ШЖҚ МКК Шардара аудандық филиалы