Бүгін Шардара аудандық мәдениет сарайында «СТАЛКИНГТІ ТОҚТАТ» атты маңызды форум өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда сталкингтің алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Форум барысында сталкинг ұғымы мен оның заңдық жауапкершілігі, жәбірленушілерге көрсетілетін көмек түрлері, құқық қорғау органдарының сталкингті болдырмаудың алдын алу шаралары
кеңінен түсіндірілді.
Шараға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, аудан прокуратурасының өкілдері, полиция бөлімінің басшылығы, денсаулық сақтау саласының мамандары, саяси партия өкілдері мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысып, өз салалары бойынша мазмұнды баяндамалар жасады.
Сонымен қатар көрермендерге мәдениет үйінің қызметкерлері тарапынан театрландырылған қойылым ұсынылып, мағыналы бейнероликтер көрсетілді, патриоттық әндер шырқалды.
Еске сала кетсек:
Сталкинг – бұл бір адамның екінші адамды ұзақ уақыт бойы қасақана бақылауы, мазалауы, қудалауы немесе психологиялық қысым көрсетуі. Мұндай әрекеттер адамның еркіндігі мен жеке қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, заң бойынша жауапкершілікке әкеледі.