Шардара аудандық полиция бөлімінде «Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, құмар ойындардың зардабы» тақырыбында түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараға Шардара ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы, ауданның бас имамы Қажымұқан Қазыбаев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жетекші теолог маманы Асылхан Данияров қатысты.
Кездесу барысында отбасы құндылықтарын нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, құмар ойындардың зардабы мен қасіреті, сондай-ақ суицидтің алдын алу бағытында кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиында бөлім бастығының орынбасары, полиция майоры Д. Камшыбеков «лудоманияның» адамның физикалық, психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатына кері әсер ететін қауіпті тәуелділік екенін атап өтіп, елімізде құмар ойындарға қатысты қабылданған нормативтік-құқықтық актілермен таныстырды.
Кездесу соңында отбасы құндылықтарын сақтау, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, діни тұрақтылықты нығайту және құмар ойындардың алдын алу бағытында бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.