АУДАН ӘКІМІ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК АЛАҢ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК АЛАҢ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласындағы Ө.Түгелбаев көшесінде орналасқан шағын өндірістік алаңның құрылыс жұмыстарымен танысты.
Аумағы 1,0 гектарды құрайтын өндірістік алаңда 6 ғимарат салынуда. Қазіргі таңда алаң толықтай инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, электр энергиясы, ауыз су, газ жүйесі тартылып, асфальт жол төселген.
Алаң пайдалануға берілген жағдайда бірқатар жеке кәсіпкерлер өз жобаларын іске асыруды жоспарлап отыр. Олар:
ЖК «Сайлаубай» – туникафон листогиб цехы
ЖК «Анипа» – модульді капсулды үйлер жасау цехы
ЖК «Балкенова» – фасад және декор өнімдерін өндіру цехы
ЖК «Абдрасилов» – термопанель жылу өнімдерін жасау цехы
ЖК «Ғабит» – жұмсақ жиһаз цехы
ЖК «Сабит» – жиһаз жасау цехы
Аталған жобалар іске асқанда 31 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Аудан әкімі Арман Романұлы кәсіпкерлермен кездесіп, олардың жоспарлары мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар, жауапты сала мамандарына шағын өндірістік алаң құрылысының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі