АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ КІРІС КӨЗДЕРІН ҰЛҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ КІРІС КӨЗДЕРІН ҰЛҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Бүгін Шардара ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Б.Туребековтің төрағалығымен жиналыс өтті. Жиынға қала және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары қатысты.
Жиналыста Экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Мейірбек Асықбаев баяндама жасап, кіріс көздерін арттыруға бағытталған жоспарлы жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған міндеттерді таныстырды. Аудан әкімінің орынбасары бұл бағытта нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған жұмыстарды күшейтіп, жоспардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.
Мәжіліс қорытындысында аудан әкімінің орынбасары Б.Туребеков күн тәртібінде қаралған мәселенің аудан үшін маңыздылығын атап өтіп, әрбір бағыт бойынша нақты орындаушылық тәртіпті сақтауды және берілген тапсырманың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
© Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі