ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Шардара ауданы әкімдігі жанындағы «Жастар істері жөніндегі кеңестің» кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы төрағалық етті.
Кеңес барысында «Жастар ресурстық орталығының» басшысы 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын ұсынды.
Отырыста кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқылап, жастар саясатын дамытуға бағытталған өз пікірлері мен нақты ұсыныстарын білдірді.
Жиын қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бірауыздан бекітіліп, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
✨ Жастардың белсенділігі мен бастамаларын қолдау — аудан дамуының маңызды бағыты.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі