2026 жылғы 29 қаңтар күні Шардара аудандық жастар ресурстық орталығында «Дүниежүзілік сайлау күніне» Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Кошалиевтің қатысуымен «Жас сайлаушылар клубының» кезекті отырысы өтті.
Негізгі мақсат – жастарға сайлау жүйесінің мәні мен маңызын түсіндіру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және демократиялық құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу болды. Іс-шара барысында сайлауға қатысудың қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ дауыс беру тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, жастар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, олардың құқықтық сауаттылығы мен ойлау мәдениетін дамытуға ерекше назар аударылды. Аталған іс-шара жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталады.