Бүгін Шардара ауданы әкімдігінің мәжіліс залында балық шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін түсіндіруге арналған мәжіліс өтті.
Жиын барысында облыста балық шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 1 қарашадағы №410 және №412 бұйрықтарына сәйкес аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу, өнімнің өнімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға бағытталған субсидиялау қағидалары бойынша жан-жақты түсіндірме берілді.
Мәжіліске табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Расұл Самат Әбдімүтәліұлы, Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Ермек Туребаев, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Мирас Байдалы, Түркістан облысының Ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызметі» ШЖҚ МКК-ның бас маманы Ұлан Иса, сондай-ақ балық шаруашылығы саласының кәсіпкерлері қатысты.