МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 14 шілдедегі №206-VIII ҚРЗ Заңына сәйкес МӘМС жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді.
Осы өзгерістер аясында жарналар мен аударымдарды есептеу және төлеу тәртібі, қызметкерлердің мәртебесін анықтау, сондай-ақ медициналық қызметтер пакеті бойынша көптеген практикалық сұрақтар туындауда.
Осыған байланысты Шардара ауданында кәсіпкерлік бөлімінің ғимаратында мемлекеттік ұйымдардың бухгалтерлеріне арналған оқыту және ақпараттық семинар өткізілді.
Семинарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының бас сарапшылары Менлибаев Ислам Боранбекұлы мен Жарқынбек Нұрдәулет Ибадуллаұлы қатысып, МӘМС жүйесіндегі жаңашылдықтар мен өзекті мәселелер бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына нақты жауап алып, тәжірибелік ақпаратпен бөлісті.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі