Аудан әкімінің тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес Алатау батыр және Егізқұм ауылдарының бас су тораптары мен ауыз су жүйелерін қайта құрылымдаудан өткізуге жобалау жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта жобалаушы мекеме «NIKA-2020» ЖШС тарапынан әзірленіп жатқан жобалардың атқарылу барысы аудан әкімі А.Қарсыбаевтың қарауына енгізіліп, пысықталды.
Аудан әкімінің орынбасары Е.Каратунов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е. Нурахов, жобалаушы мекеме басшысы Б.Миятбеков әзірленіп жатқан жобалар бойынша баяндады.
Сонымен қатар, ауданда «Шардара-2» жаңа индустриялық аймағын құру тапсырмасына сәйкес әзірленген жобалау-сметалық құжаттама облыстық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылғандығы туралы хабарлама жасалды. Аудан әкімі А.Қарсыбаев жоғарыда аталған жобалардың маңыздылығына тоқталып, сала мамандарына осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.