«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ – НАЗАРДА

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ – НАЗАРДА
Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен «Ауыл Аманаты» бағдарламасының орындалуы және агроөнеркәсіп кешенін зерделеу жөніндегі жұмысшы топтың жұмысы туралы мәжіліс өтті.
Жиын барысында Шардара ауданында атқарылған және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар бойынша аудан әкімі Арман Қарсыбаев баяндама жасады. Бағдарламаның іске асу барысы, ауыл шаруашылығын дамыту, агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Мәжіліс қорытындысында облыс әкімі жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, белгіленген жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі