Бүгін Шардара ауданы, Шардара қаласының бас су торабының жұмыс барысымен танысу мақсатында Израиль мемлекетінен су саласының мамандары және Шымкент қаласындағы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ның маманы Шардара қаласына іссапармен келді.
Сапар барысында мамандар Шардара қаласындағы қолданыстағы бас су торабының жұмысымен, сондай-ақ Шардара топтық су құбырының құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Кездесу аясында су нысандарын жобалау кезінде шетелдік озық тәжірибені қолдану мәселелері талқыланып, өзара пікір алмасу жүргізілді.