ШАРДАРА: АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ШАРДАРА: АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Биыл азаматтық қорғау органдарына 25 жыл толып отыр.Осыған орай
айтулы күн пандемияға байланысты дүркіреп өтпесе де, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев ауданымыздағы №4 өрт сөндіру бөліміне арнайы барып, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін құттықтап қайтты.
Аудан әкімінің орынбасары Төтенше жағдай бөлімінің қызметкелерін: "Кенеттен төнген түрлі қауіп пен тосыннан болған табиғи апат кезінде бірінші ұмтылып, тілсіз жауға қарсы тұрып жүрген бейбіт күннің батыры болып халықтың құрметіне бөленіп келесіздер. Үлкен жауапкершілікті талап ететін қиын да абыройлы қызметтеріңізге табыс, мықты денсаулық және отбасыларыңызға амандық тілеймін"- деп аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.