ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫ — ҮЛГІ, ЕҢБЕГІ — ӨНЕГЕ

ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫ — ҮЛГІ, ЕҢБЕГІ — ӨНЕГЕ
Шардара ауданы әкімі аппараты персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Кошимова Қалдықыз Төлегенқызы зейнеткерлікке шықты.
Осыған орай аудан әкімі Арман Қарсыбаев аппарат мәжілісінде Қалдықыз Төлегенқызын көпжылдық адал еңбегімен құттықтап, Түркістан облысының әкімі Н. Көшеровтың «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттап, арнайы Алғыс хат тапсырды.
Қалдықыз Төлегенқызы мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, кадр саясатын дамытуға, аудан әкімдігі аппаратының тұрақты әрі жүйелі жұмысына сүбелі үлес қосты. Әріптестері арасында іскерлігімен, жауапкершілігімен және адамгершілік қасиеттерімен зор құрметке ие болды.
Аудан басшысы өз сөзінде зейнеткерге көрсеткен қызметі үшін алғысын білдіріп, деніне саулық, отбасына амандық, зейнет жасында ұзақ ғұмыр мен игілік тіледі.
Қалдықыз Төлегенқызына атқарған адал қызметі үшін шынайы ризашылық білдіреміз!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі