ШАРДАРАДА ДЗЮДОДАН ДӘСТҮРЛІ V ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРДІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

ШАРДАРАДА ДЗЮДОДАН ДӘСТҮРЛІ V ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИРДІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Шардара қаласындағы спорт кешенінде Ұлы Отан соғысының ардагері Мамадияр Шаймановты еске алуға арналған дзюдо күресінен 2011–2013 жылы туған жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі V облыстық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ашылу салтанатына аудан басшылығы, спорт ардагерлері, бапкерлер, спортшылар мен қонақтар қатысты.
Турнирдің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев жарысқа қатысушы жас балуандарға сәттілік тілеп, дзюдо спортының жасөспірімдер тәрбиесіндегі маңызына тоқталды.
Салтанатты жиын аясында аудан спортының дамуына үлес қосқан бірқатар спортшылар «Шардара ауданына 60 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Айта кетейік, дәстүрлі турнирге облыстың әр өңірінен келген жас дзюдошылар қатысып, өзара бақ сынауда.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі