Аудандық мәдениет үйінде өткен «AGROFEST Шардара – 2025» шарасында аудан әкімі Арман Қарсыбаев ауыл шаруашылығы саласының үздік еңбеккерлеріне алғыс айтып, арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыстады.
Аудан басшысы өз сөзінде Шардараның аграрлық әлеуеті жыл сайын артып келе жатқанын, диқандардың бірлігі мен жүйелі жұмысының нәтижесінде барлық негізгі дақылдар бойынша жоғары өнім алынғанын атап өтті. Сондай-ақ шаруа қожалықтарында техника жаңарып, су үнемдеу технологиялары кеңінен енгізіліп жатқанын айтты.
Арман Романұлы алдағы жылдың егіс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатқанын, күздік бидай егу толық орындалғанын жеткізіп, еңбеккерлерге:
«Адал еңбектеріңіз ауданның дамуына зор үлес қосып отыр. Берекелі өнім, молшылық, табыс тілеймін!» — деп лебізін білдірді.
Жиын соңында аудан әкімі Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, барша қауымға амандық пен береке тіледі. Іс-шара мерекелік ән шашуға жалғасып, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі