2025 жылдың 30 қарашасында Шымкент қаласындағы Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде өткен «Дала сазы» ІІ республикалық өнер байқауында Шардара аудандық балалар саз мектебінің оқушысы Сұлтанхан Бірханым Рахымжанқызы «Ұлттық аспап» жанры бойынша І орын иеленді.
Дарынды шәкірт аудан намысын абыроймен қорғап, өнерімен көпшілікті тәнті етті.
Өнерге баулып, жарысқа дайындаған ұстазы Байбахова Кенжеқыз Серікбайқызын да шын жүректен құттықтаймыз!
Жетістіктеріңіз арта берсін!
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі