ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев қала аумағындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен орындалу қарқынын бақылап қайтты.
Алдымен Шардара қаласының №50 көшесінде салынып жатқан 5 қабатты, 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Нысандағы жұмыс кестесі, материалдардың сапасы және мердігер мекеменің міндеттемелерді орындау деңгейі бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Сапар барысында Ж.Қолдасов көшесінде орналасқан 1 қабатты, 2 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын да көріп, жауапты тұлғаларға бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар берді. Бұл әлеуметтік нысанның ел игілігіне уақтылы әрі сапалы тапсырылуы қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар Арман Романұлы Ө.Түгелбаев көшесіндегі өндірістік парк жұмысының барысымен танысты. Қазіргі таңда өндірістік паркке аудан кәсіпкерлері ерекше қызығушылық танытып, өз жобаларын жүзеге асыруға ниет білдіруде.
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі құрылыс жұмыстарының қарқынын тұрақты бақылауда ұстап, сапаны басты назарда ұстау маңызды екенін жеткізді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі